Меню KDT

logo7.png?_=1

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы   
 Шу ауданының білім бөлімінің
"Сәду Шәкіров атындағы орта мектебі" КММ
  • kz
  • ru
  •  

    Мемлекеттік жалпыға міндетті Стандарт жобасындағы өзгерістер мен толықтырулармен таныстыру туралы

     
    Мемлекеттік жалпыға міндетті Стандарт жобасындағы өзгерістер мен толықтырулармен таныстыру туралы
     

    «Сәду Шәкіров  атындағы орта мектебі» КММ
    кезектен тыс әдістемелік бірлестік отырыстарының
    № 1 хаттамасы
    Төле би ауылы 22 қараша 2024 жыл
    Қатысқаны жалпы-52 педагог
    Күн тәртібі:
    1. Мемлекеттік жалпыға міндетті Стандарт жобасындағы өзгерістер мен толықтырулармен таныстыру туралы
    Күн тәртібіндегі мәселе бойынша әр әдістемелік бірлестік педагогтары жиналып, оларға Мемлекеттік жалпыға міндетті Стандарт жобасындағы өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп жатқаны туралы ақпаратты директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Нурлыкасимова мен әр әдістемелік бірлестіктерінің жетекшілері жеткізді.
    Қолданыстағы Стандарт пен жаңа Стандарт жобасындағы өзгерістер мен толықтырулардың айырмашылықтарына тоқтам жасалды. Стандарт жобасын талқылауға талдамен таныстыру барысында Стандарт құрылымы, құндылықтар, Стандарттың қолданыс аясы, нормалары мен толықтыруларға шолу жасалды.
    Сонымен қатар Стандарттың жалпы ережелері: осы Стандарттың талаптарын оқу жоспарларын, оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін, педагогтердің біліктілігін арттыру курстары бағдарламаларының мазмұнын әзірлеуде, тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектепішілік бақылауда, педагогтерді аттестаттауда, оқыту нәтижелерін бағалауда, білім алушыларды қорытынды аттестаттау және білім жетістіктеріне мониторинг жүргізуде орындау міндетті екені айтылды.
    Жобадағы өзгерістер мен толықтырулар енген келесі бөлімдеріне талдама жасалды: стандарттардың қолданылу салалары, білім мазмұнына қойылатын талаптар, бастауыш білім берудің базалық құндылықтары, негізгі орта білім берудің базалық құндылықтары, педагогикалық тәсілдеме, көптілді білім беру, инклюзивті білім беру: негізгі талаптары мен тәсілдері, бастауыш білім берудің білім беру салалары, пәнаралық біріктіру, білім стандарттарының «бағалау» бөліміне кіріспе, білім беру салалары бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер, кәсіптік бағдар беру және әлеуметтік gpa бағалау, бастауыш / негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын жүзеге асыру мониторингі.
    Ұсыныс:
    1. Стандарт жобасындағы өзгерістер мен толықтырулармен ұжымды жетік таныстыру.

     

    25.11.2024
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру