Сәду Шәкіров атындағы орта мектебінде 2025-2026 оқу жылында мектеп формасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығымен бекітілген «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар».
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 16 ақпанда №13085 болып тіркелген бұйрығы негізінде міндетті мектеп формасы оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келеді. Мектеп формасы туралы мәселелерді талқылауға балалардың ата-аналары және өзге де заңды өкілдері, мектептің өзін-өзі басқару мүшелері, қамқоршылар кеңесі мен ата-аналар комитеті қатысады және осы Талаптарға сәйкес ұсыныстар енгізеді.
Мектеп формасының фасонын таңдауды және юбканың ұзындығын орта білім беру ұйымы мен кеңес (қамқоршылық кеңесі, ата-аналар комитеті, мектептегі өзін-өзі басқару) айқындайды, жалпымектептік ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітіледі.
Мектеп формасына өзгерістер енгізу туралы шешім кеңеспен (қамқоршылық кеңесі, ата-аналар комитеті, мектептегі өзін-өзі басқару) келісу арқылы қабылданады.
Мектеп формасының үлгісі, түсі классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында жасалады, үшеуден асырмай түстерді араластыруға рұқсат етіледі. Мектеп формасының түсі қалыпты және ашық емес түстерден таңдалады.
Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай енгізіледі.
Мектеп формасы күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді.
Мектеп формасы күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді.
Ұлдардың мектеп формасы:
Қара түсті пиджак, жилет, шалбар, қара галстук, мерекелік жейде, күнделікті жейде, ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
Қыздардың мектеп формасы:
Қыздардың мектеп формасы:
Қара түсті пиджак, жилет, юбка,қара галстук, классикалық жейде.Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюмнен (спорттық шалбар, куртка, футболка), спорттық аяқ киімнен (крассовка, кеды) тұрады.