Меню KDT

logo7.png?_=1

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы   
 Шу ауданының білім бөлімінің
"Сәду Шәкіров атындағы орта мектебі" КММ
  • kz
  • ru
  • Мектеп тарихы

              Кеңес Одағының Батыры Сәду Шәкіров атындағы орта мектеп тарихына келсек, мектеп 1959 жылы 17 шілдеде сегіз жылдық Шу мектеп – интернаты болып құрылған. Мектеп – интернатты 1959 жылдан 1979 жылға дейін, дәлірек айтқанда 20 жыл бойы бар қажыр – қайратын, жастық күш – қуатын бала тәрбиесіне арнаған, дарынды педагог, ұйымдастырушы басшы, жоғарғы білімді маман (географ) Нәмет Базылов басқарды. Өзі басқарған жылдарда мектеп – интернат облыс бойынша алдынғы орындарда болып, жас ұрпаққа білім мен тәлім – тәрбие беруде, педагог кадрлерді іріктеуде сіңірген еңбегі ерекше. Мектеп – интернат кадрларды таңдағанда Нәмет ағай жоғарғы білімді, өнерлі, қолынан іс келетін, ән айтатын, би билейтін, музыка аспабында ойнайтын шын мамандарды таңдайтын еді.өзі басқарған уақытта мектептің қаншама мұғалімі директор болып, ауданда парторг болып өз қызметтерін жоғарылатты. Олар: Сыздықов Тұрғынбек, Қостүтінов Ермахан, Сариев Сейтқазы, Иманбердиева Шаухан, Боданов Құрманәлі, Ақжігітов Жапар, Абдікерімова Рахат. Нәмет ағай тәжірибелі ұстаздардың іс – тәжірибесіне сүйенді. Сондықтан мектеп – интернаттың оқу үлгерімі мен тәлім – тәрбиесі әрқашан алда болды. Тәжірибелі ұстаздар: Әлішев Шахан,Төлегенов Сейтхан, Манасбаев Әуел, Каримова Гүлжан, Түменбаева Әудеш, Өскентаева Еренше, Омаржанова Бүбіхан, Мұсаева Зеваш, Өзенбаева Тұрсын, Қапалбаева Гүлжахан, Оспанова Сағидың еңбектерін атауға болады.
    Мектеп – интернатта малшылардың балалары, көп балалы жанұялардың балалары ата – анасынан айырылған балалар білім алды. Нәмет ағай сол балалардың бәрін атымен атайтын. Әр баланың мінез – құлқын, жүріс тұрысын ешкім біле білмейтін құпия сырларын біліп отыратын. Оны қалай жөдеу керек екендігін туралы мұғалімдер мен тәрбиешілерге ақыл- кеңес беруден жалықпайтын. Оқу корпусында, жатаханада, аулада және асханада айнадай тазалық болушы еді, өйткені балалар өзіне – өзі қызмет ететін. Нәмет ағай дауыс көтеріп ұрсып, зекуді білмейтін еді. Әр баламен жеке сөйлесіп, оған сенім білдіретін. «Біз саған сенеміз» деп отырушы еді. Ағай сабақ беретін география пәнінен балалар тек «5» пен «4» ке оқитын. Мектеп – интернатта білім алған түлектердің көпшілігі обылысымызда, ауданымызда қызмет атқаруда. Мектеп – интернатта 1973 – 1981 жылдары сегіз жыл білім алған түлектердің бірі «Халық Қаһарманы » Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков. Халық ризашылығына бөленіп, жоғары жетістіктерге жетіп жүрген түлектеріміз: Болат Рысмендиев, Батырғали Ақбаев, Тұнғышбек Байқұлов, Жексенбай Ошанов, Гүлжан Бекмолдаева, Әсия Бақтымбетова,Қуат Орманқұлов.


    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру